Ақсұңқар Ақынбаба – Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелігіне 24 жасында қабылданды. Журналистикаға  жасынан қосқан үлесі үшін 16 жасында Моңғолия Журналистер Одағының мүшелігіне, 25 жасында Қазақстан Журналистер Одағының мүшелігіне ұсынылып, қабылданды.

Авторлық  еңбектері:

"Мен Алтайдан ұшқан Ақсұңқар" жеке жыр жинағы 2002 ж; Аталған кітабы үшін  «Дарын»  Мемлекеттік жастар сыйлығы берілген.

Өлеңдері жарық көрген жинақтар:

"Күміс күйме" (2001  ж),

"Қыз ғұмыр жыр ғұмыр" (2002 ж);

"20 ғасырдағы қазақ ақындар антологиясы" (2003 ж);

«Жыр Маржан» (2015 ж);

«Поэзия»  (2016 ж);

«Жетісу антологиясы»:Тау мен өзен жырлары  (2017 ж)

Әдебиет пен журналистикадағы шығармашылық еңбектері  туралы енгізілген кітаптар:

«Қазақ энциклопедиясы» 2005 ж;

«Энциклопедия»  "ҚазАқпарат", 2009ж.

Әдебиет пен  журналистика, аударма  саласы бойынша поэтикалық туындылары, аудармалары мен   журналистикалық   зерттеу, талдау, сараптама еңбектері  жарық көрген басылымдар:

"Қазақ әдебиеті", "Айқын",  ,"Егемен Қазақстан" "Заман Қазақстан",  "Дала мен қала", "Әдебиет айдыны" республикалық қоғамдық-саяси, әдеби басылымдары;  "Жетісу" облыстық қоғамдық-саяси басылылымы, «Талдықорған», «Алатау» қалалық басылымдары. 

 «Парасат», «Мәдениет»,  «Телерадио", "Ақиқат",   "Сұлтан", "Салтанат", "Балжан"  т.б республикалық журналдар, «Әдебиет порталы», «Абай», «Шын», «Бақ.кз» т.б әлеуметтік порталдар.    

Аударма еңбектері:

Анна Ахматова «Белая стая», «Вечер», «Четки», «Подорожник»;

М.Цветаева, Б.Ахмадуллина, Пушкин таңдамалы өлең топтамалары;

Түрік поэзиясы бойынша: Н.Хикмет, Р.Ылғазы, О.Велидің таңдамалы өлең топтамалары.

Авторлық радиохабарлары:

«Мен кіммін?», «Шығыс шайырлары», «Алтын тамыр», «Алтын қөмбе», «Жан әлемі» т.б   рухани-танымдық, қоғамдық-саяси, психологиялық-танымдық жобалар.

Ұйымдастырушылық еңбектері (Мемлекеттік тілді дамыту бойынша):

«Қазақстан  Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» жалпыреспубликалық шығармалар байқауын Алматы облысы бойынша; 

« Мың бала» мәдени-ағартушылық  жалпыреспубликалық жобасын Алматы облысы бойынша; 

 «Астана-бейбітшілік қаласы» Алматы облыстық Мүшәйрасы

Өзге этнос өкілдерінің арасында мемлекеттік тілді дамыту бойынша:

«Көркем ой.Көркем сөз.Көркем тіл» жобасы –Алматы облыстық  әдеби шығармашылық  байқау«Мемлекеттік тіл-менің тілім», «Тіл болашағы –Ел болашағы»  жобалары. 

Ақсұңқар Ақынбаба – мектеп жасынан бері  Тәуелсіз Қазақстан Республикасы мен шетелдегі қазақтардың арасындағы мәдени, рухани байланысты дамытуда өз шығармашылығымен үлес қосып, халықаралық, республикалық көптеген байқауларда жеңіске жетіп, үздік нәтиже көрсете білді. Атажұртқа оралғалы ширек ғасырға жуық уақытта әдеби дарыны мен еңбегімен дараланып  шығып, Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиетінің қалыптасуына сіңірген еңбегі  мемлекеттік деңгейде бағаланып, жоғары дәрежелі марапаттар мен қолдауларға қол жеткізген елімізге танымал ақын. Әрі көптеген жылдардан бері қазақ әдебиеті мен шетел әдебиеті байланыс саласында, атап айтқанда:  орыс, түрік, моңғол әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармашылығын  тәржімалап жүрген білікті аудармашы. Сонымен қоса, қазіргі қазақ журналистикасына 20 жылдай уақыт толықтай өмірін арнаған  аты мәлім журналист.Бірнеше шығармашылық кітаптың, аудармалардың, 5000-ға жуық мақаланың, 3000-ға жуық радиохабардың авторы.

Бүгінгі күнде Алматы облысында тұратын түрлі этнос өкілдерінің арасында мемлекеттік тілді дамыту бойынша түрлі педагогикалық, мәдени  жобалар ұйымдастырып, жүзеге асыруда белсенді атсалысуда. Түйіндей айтқанда, Тәуелсіз Қазақстанның мәдени дамуына төл буын ретінде белсенді еңбек етіп, нақтылы нәтижелерге қол жеткізе білген қазіргі қазақ  мәдениетінің көрнекті өкілі.