Ақтолқын Атабекова – Қазақстанның педагогикалық академиясының ғылыми қауымдастығы мүшесі

Ақтолқын Сапарғалиқызы біраз жылдан бері қалалық, облыстық шығармашылық топтың және сонымен қатар мемлекеттік бақылау комитетінің аттестаттау комиссиясының мүшесі болып келеді. Бірнеше оқу-әдістемелік құралдардың авторы. Жас ұрпаққа білім және тәрбие беру ісінде биік жетістіктерге қол жеткізіп, оны жетілдірудегі шығармашылық ізденісімен көзге түсіп келеді.

Ол 1966 жылдың 16-тамызында Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

2014-2015  оқу жылында жалпы орта мектептің 8-сынып оқушыларына арналған «English» оқу-әдістемелік құралы жарыққа шықса, 2015-2016 оқу жылында «English-speaking countries» (Ел тану) оқу-әдістемелік құралын жазды. Қалалық, облыстық семинарларға қатысып, әрдайым іс-тәжірибесімен бөлісіп келеді. 2016-2017  оқу жылынан бері Қазақстанның педагогикалық академиясының ғылыми қауымдастығы мүшесі.

Ақтолқын Сапарғалиқызы 2014-2015  оқу жылы Қазақстан Интернет олимпиадасынан (КИО) үздік нәтиже көрсеткені үшін сертификатқа ие болып, 2015-2016  оқу жылы ағылшын тілі пәнінен қалалық мұғалімдер олимпиадасына қатысып, жүлделі ІІ орын алды.