«Dacia» (Дачия)  румын мәдени қоғамы» қоғамдық бірлестігі 2005 жылы сәуірде Қарағанды қаласында құрылды. Осы жылы қоғамның жастар қанаты құрылып, 2012 жылдан бастап басшысы болдым. «Dacia» румын мәдени қоғамының басты міндеті – қазақстандық патриотизмді насихаттау,  мәдениеті мен ана тілін жаңғырту және дамыту, жас ұрпақты румын дәстүрлеріне, этностар арасында достықты нығайтуға, облыстағы жастар саясатын дамытуға тарту. Жастар қанаты қазақстандық бірегейлік пен бірлікті дамыту және нығайту негізінде жұмыс істейді, әрбір азамат этникалық шығу тегіне қарамастан, өз тағдыры мен болашағын Қазақстанмен байланыстырады. Болашақ үшін бірыңғай өткен және қазіргі бірлескен жалпы жауапкершілік  қоғамды бір бүтінге біріктіреді. Бұл – біздің принципіміз. Жастар қанатының белсенділері тарапынан ана тілі мен мәдениеті, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын үйрететін  М.Еминеску атындағы жексенбілік мектеп ашылды. Айта кетсек, мұнда ниет білдірушілер мемлекеттік тілді де үйренеді.  Жастар қанатында «Dorule» (Доруле) этнофольклорлық ансамбль құрылған. Ансамбльдің әртістері – республикалық, облыстық және қалалық концерт, фестиваль, шығармашылық бағдарламалар мен іс-шаралардың тұрақты қатысушылары. Ансамбль тек біздің елімізге ғана емес, одан тыс елдерге де танымал. Ең  жарқын жеңісі: жігіттер мен қыздар румын халқының тамаша әндерін айтып, билерін билеп, сондай-ақ румындарды қазақ халқының мәдениетімен таныстырған «Lа fantana dorului» (2012, 2013 гг., Шимлеу-Силванией, Румыния) румын фольклоры фестиваліндегі гран-при, «JocRomanesc» (2014г., Голубац, Сербия) фестиваліндегі гран-при жүлделері. Жастар қанатының мүшелері тек румындар ғана емес, қазіргі таңда бізде қазақтар, орыстар, кәрістер, украиндар, молдавандар мен шешендер де бар.  Біз табысты дамуды мақсат ете отырып, жас ұрпақтың дамуы бойынша мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен де ынтымақтастық құрдық. Білім беру және мәдени бағдарламаларды іске асыра отырып, жастарды өзара түсінушілікке, сыйластыққа, тұлғаның дамуына ат салысамыз. 5 жыл бойы Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ, «Саржайлау» кинотеатры, қалалық мәдениет бөлімі, облыстық халық шығармашылығын қолдау ғылыми-әдістемелік орталығымен бірлесе өткізіліп келе жатқан облыстық  «Мэрцишор» Халықаралық румын фольклоры фестивалінің ұйымдастырушысы болып келеміз. 2016 жылдан бастап «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымымен бірлесіп, жастардың бойына Қазақстан тарихына деген құрмет, мақтаныш пен жауапкершілік сезімін сіңіруге, Отанға деген сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу мақсатында «Алғысым саған, Қазақстан» жобасы өткізіледі. «Алғысым саған, Қазақстан» – бұл Қазақстанға халықтарды күшпен жер аударуға арналған тарихнама байқауы. Осы жылы байқауға облыстың өздігінше жұмыспен қамтылған жастары, колледж студенттері мен мектеп оқушыларынан  150 адамды тарттық. Олар осы тақырыпты жан-жақты зерделей отырып, Қазақстанға өз еріктерінен тыс жіберілген өздерінің туыстары, көршілері мен таныстары жайлы айтып берді. 2015 жылы қала жастарымен өзара байланысты кеңейту мақсатында Қарағанды банк колледжімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

 Қосымша алған білімі:

2016 ж. қыркүйек-желтоқсан – ҚАЗТЕСТ стандарты бойынша 120 академиялық сағаттан тұратын мемлекеттік тілді оқыту курсы («Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» ММ, Қарағанды қ. «А1» деңгейі);

2015ж. маусым-шілде – 48 академиялық сағаттан тұратын «Культура межэтнических отношений в молодежной среде» тақырыбындағы жазғы мектеп (ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы, Орал қ.);

2014ж. қаңтар-мамыр – «Румынский язык, культура и цивилизация» тақырыбындағы курс (Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды қ. «А2»деңгейі)