Алексей Владимировичтің кәсіби қызметінің нәтижесін оқушыларды білім сапасы жақсы деңгейде және жоғары үлгерімде екенін көруге болады.Ұстаз өз жұмысында қазіргі ақпаратты-коммуникативті технологияларды қолданады және сабақтарды, сыныптан тыс іс-шараларды қызықты, тартымды етіп өткізеді.

Мұғалім цифрлық білім беру  қорының (электронды оқулықтар, вебсайттар, блогтар)  құру жұмыстарымен айналысады. Әсіресе, 8 сыныпқа арналған «Анатомия, физиология и гигиена человека» атты электронды оқулық жасады.http://entbio.do.am/«Биология 5+»  вебсайт құрылды. Мектептің оқу жүйесіне биология пәнінен http://bioportal.h1n.ru білімді портал құрылып, енгізілді. Бұл құралдар сабақ барысында, емтиханға, олимпиадаларға ,ҰБТ, ОЖСБ-ға дайындалғанда белсенді, жиі қолдануда. Алексей Владимировичтің оқушылары аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық сайыстардың,ғылми жобалардың жүлдегерлері. Кособоков А.В. халықаралық және республикалық конкурстарға қатысады. Мұғалім халықаралық деңгейдегі қашықтық курстарға, білім курстарға, вебинарларға қатыса отырып, өзінің білімі мен шеберлігін жоғарылатады. Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша білімін тәмамдауда.