Әли Шәкірұлы – Кентау қаласында алғаш «Кенші» футбол ардагерлері қоғамдық бірлестігін және «Кентау қалалық балалар, жасөспірімдер футбол лигасы» қоғамдық бірлестігін құрған азамат.

Әли Нұрымбетов – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде басылып шыққан «Кентау қаласының көшелері» атты кітаптың идея авторы. Бұл кітап ҚР  тәуелсіздігінің 25 жылдығына тарту  ретінде  жарық көрген. 2005 жылы Әли Шәкірұлының мұрындық болуымен футболдың имиджін көтеру мақсатында «Кенші» футбол ардагерлер қоғамдық бірлестігі және «Кентау қалалық балалар, жасөспірімдер футбол лигасы» қоғамдық бірлестігі құрылды.

7 жылдан астам уақыт бойы Кентау қаласында атақты футболшы Тимур  Сегізбаевтың  құрметіне футболдан халықаралық турнир ұйымдастырып келеді. «Кенші» (Кентау) – «Алға» (Бішкек) және «Арман» (Кентау) – «АфриканоЮнайтед» (ОАР) командалар арасындағы халықаралық турнирді  жоғары деңгейде ұйымдастырды.

Кентау қаласында қайырымдылық концерттер ұйымдастырып, одан түскен қаржыны балалар үйіне сондай-ақ «Кенші» командасының ардагер-футболшыларына үлестіреді. Қоғамдағы қараусыз қалған қарттарға, жетім-жесірлерге, жарымжан жандарға қол ұшын созып, жиі көмегін  беріп отырады.