Әлібек Алпысбаев – металлург. Металлургиялық комбинатта көрікші болып жұмысын бастаған. Бүгінде Теміртау қалалық мәслихатының депутаты.

Алып өндірісте шыңдалып, өз жолын тапқан жігіт бұл күнде білікті металлург атанған. Бұған дәлел ретінде оның 2013 жылы «Жыл металлургі» атағын иемденгенін атап өтуге болады.

Әлібек өндірістегі жұмыстан бөлек қоғамдық істерге де белсене араласады екен. Ең алғаш 2008 жылы Жастар форумына қатысса, 2012 жылы облыс әкімінің жастар сыйлығын жеңіп алған. Бұған қоса «Нұр Отан» партиясының «Партияның 50 тұлғасы» жобасына қатысуының өзі үлкен жетістік. Жұмыстан қол үзбей жүріп, екі бірдей жоғары білім алды. Инженерлікпен қоса заңгерлік те білімі бар.

 Әлібек Алпысбаев Теміртау комбинатында еңбек жолын 2005 жылы бастаған. Металлург негізгі жұмысымен бірге қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысады.