Алина Соловьева – саналы ғұмырын білім беру саласына арнаған білікті ұстаз, тәжірибелі педагог.

1970 жылы 28 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында дүниеге келген. Қазір А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназияда оқытушы. Осы мектептегі еңбек жолын 1994 жылы бастаған.

Алина Робертовна 2001 жылы «12 жылдық білім беру жүйесіне ауысу мәселесі бойынша жұмыс тобы» комиссиясы құрамына кірді. 2008 жылы 130001 мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдардың кандидаты ғылыми дәрежесін алды.    

1998-2006 жылдар аралығында 8 жыл бойы дебаттық бағдарламалар тренері ретінде аймақтық және республикалық байқауларда Оңтүстік Қазақстан облысының намысын қорғап, шәкірттері бірнеше рет жүлделі орындарға ие болған.

Биология пәнін аранайы 5, 6,7,8 және 9  сыныптарда тереңдетіп оқытуға бағытталған жаңартылған бағдарлама бойынша оқулықтың, ҰБТ-ға дайындық бойынша әдістемелік көмекші құралдың авторы.

ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығы бойынша «ҚР Білім саласының Үздігі» төсбелгісімен, еліміздің Президентінің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Ал, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің «2001 жылдың Үздік мұғалімі»  номенациясының иегері болды, Қазақстан мұғалімдерінің екінші съезінің делегаты және Мәскеу қаласында өткен «Білім беру жүйесінінің проблемалары мен перспективті дамуы» атты  ІХ халықаралық конференциясына қатысты, 2005 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің алғыс хатымен мараптталды, 2010 жылы «Дарын» РҒПО  «Олимп шыңына жетелеуші» атағын берді, 2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасының ғылыми әрекетінің субъекті ретінде сертификатталған.