Сағынтаев Әлішер Нұрланұлы - облыстық, республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері.

Сағынтаев Алишер Нұрланұлы – жастар арасындағы Қазақстан туын желбіретіп жүрген спортшы. Гір көтеру спортын екінің бірі таңдай бермейтін спорт түрі. Алишер солардың қатарына кірмей, өзін ерекше бір қырынан көрсетуге күш салғаны рас, және сол еңбегі өлшеусіз қалмаған сыңайлы. Көпсалалы «Тарлан» колледжін бітіріп,қазір 4 – курс студенті болса да, спорт саласына қармағын алыстан салған Алишердің жетістіктері баршылық. 2006 жылғы спорт шеберлігінің кандидаты.   2015 жылғы ҚР гір көтеру спорты бойынша күміс жүлдегер.  «Белбеу күресі» халықаралық чемпионатының қола жүлдегері. «Қазақ күресі»-нен ҚР бірінші санаттағы спортшысы лауазымын алған. «Қысқы Универсиада -2015» алауын ұстаушысы және қатысушысы.