Әлия Бердалина – І санаттағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Жиырма сегіз жылдық еңбек өтілі бар Әлия Бердалина – «Астрахань орта мектебінің» білікті педагогтарының бірі әрі бірегейі. Олай дейтін себебіміз, Ә.Еделбайқызы мектептегі қызметінің алғашқы күнінен-ақ өзінің табандылығымен танылған болатын. Ұстаздың еңбегі шәкіртінің еңбегімен бағаланатынын ескерсек, оның «ұстаханасынан» өткен оқушылар зияткерлік сайыстарында жеңімпаздар тұғырынан көрініп жүр.

Мұғалімнің қадірі төмендеген бүгінгі қоғамда елге сыйлы, жастарға үлгі болып жүрген ұстаздар жоқ дей алмаймыз, әрине. Ал, өзі өмір сүріп, қызмет етіп жатқан ортада үлкен марапатқа ие болмаса да, бастысы абыройлы болып жүрген ұстаздардың қатарына Әлия Бердалинаны қосып қойсақ артық етпесі анық. Ұстамдылығы ұшпаққа, білімділігі биікке шығарған Әлия Бердалина – СҚО, Аққайың ауданындағы «Астрахань орта мектебінің» мақтанышы.