Алия Дәулетбаева Бекежанқызы - облыстық  ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығының редакторы, кітапхана қызметкері, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкері. Туған жері - Индер ауданы, Өрлік селосы.14.11.1977 жылы дүниеге келген.

Ақын, Халықаралық шабыт фестивалінің лауреаты,  «Сол бір Сәуле» өлеңдер жинағының авторы, 2014ж;
Халықаралық Салқам Жәңгір атындағы сыйлықтың иегері;
Халықаралық «Шабыт» фестивалінің І орын иегері, 2016 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Көктем шуағы» мерекелік қабылдауында болған, 
2015 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Алғыс хатымен марапатталған.

Дәулетбаева Алия  Бекежанқызының поэзиясының сүбелі бөлігі туған өлкенің тарихы, ерлік дастандары мен аңыздары, батырлары мен ақындарына арналған. Оның алғашқы өлеңдері жыраулар поэзиясының ірі өкілі Мұрат Мөңкеұлына, қазақтың дауылпаз ақыны Махамбетке арналған.

Алғаш рет Б.Момышұлының 100 жылдығына арналған мүшәйрада І орын, Кентау қаласының тарихына арналған республикалық байқауда І орын, ҚР Конституциясының 10 жылдығына арналған конурста І орын, Астана қаласының     10 жылдығына арналған Халықаралық мүшәйрада Арнайы жүлде алды. Халықаралық «Шығыс шынары» жыр фестивалінде Т.Ысмайылов атындағы Арнайы сыйлықпен марапатталды. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық жыр байқауында Салқам Жәңгір атындаы сыйлықты иеленді.  2015 жылдан бастап мәдениет саласына  түбегейлі ауысып, облыстық Ғ.Сланов атындағы ғылыми-әмбебап кітапханада ғалым-хатшының қызметін атқарды. Осы жылы ҚР Мәдениет және спорт министрінің Алғыс Хатымен марапатталды. 

2016 жылы Елбасының қабылдауында болып, жырын оқыды. Жырлары көптеген ұжымдық жинақтарға, соның ішінде  «ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ» альманағына, Республикалық «Тұмар», «Қасым», «Жамбыл», «Өтүкен», «Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан», «Алаш айнасы» т.б. басылым беттерінде өлеңдерім жарияланды.

2014 жылы «Сол бір сәуле», 2017 жылы мемлекеттік тапсырыспен «Жандауыс» атты жыр жинақтары жарық көрді.
Атырау өңірінің дарынды жастарын қолдау мақсатында «Фариза жұлдыздары» атты жас ақындар клубын құрып, ұйымдастыру жұмыстарымен айналысуда. Клуб 2016 жылдың желтоқсан айында ашылды. Құрамында ел Тәуелсіздігің 25 жылдығына орай 25 жас ақын-жазушы қабылданды.