Әлия Танықбаева – Люксембургтегі Халықаралық балет әртістері конкурсының Гран-при иегері (2003), Пермьдегі Халықаралық балет әртістері конкурсының үшінші сыйлығының лауреаты (2004).

Әртістің репертуарында «Дон Кихот», «Ұйқыдағы ару», «Пайдасыз сақтық», «Щелкунчик», «Жизель», «Баядерка», «Раймонда», «Аққу көлі», «Коппелия», «Сильфида» сынды классикалық балеттерден, бұған қоса заманауи хореографтар – Дж. Кранко («Онегин»), К. Макмиллан («Майерлинг»), Дж. Ноймайер («Бұған қалай қарайсыз»), Р. Хинд («Көңілді жесір») қойылымдарынан басты партиялар бар.