Алма Кенжеғалиева – отыз жылдық еңбек өтілі бар ұстаз

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. 

Бүгінде шәкірттері белді қызметтер атқарып, Алма Мұстахқызының абыройын асқақтатып жүр. Мұғалім күткен бақыт та осы емес пе?!

Ол БҚО, Бөкей Орда ауданы, Жиекқұм ауылында 1962 жылдың 26 қаңтарында дүниеге келген.

Әкесі-Кенжегалиев Мустах тарихшы «Оқу ісінің үздігі» атағын алған. Анасы-Сисеналиева Хабира 40 жылдан астам математика сабағынан дәріс берген және бірнеше дүркін мемлекеттік марапаттардың иесі. Осындай ұстаздар отбасынан шыққан Алма басқа салаға кетуді мүлде ойламаған.

1969-1979 жылдар аралығында Жәнібек аудан орталығындағы Т.Жароков атындағы қазақ орта мектебін үздік бітіріп, 5 сыныптан бастап ақындық жолды бастап, сол сияқты билеу, сурет салу және спорт жағынан да үлкен жетістіктерге жеткен.

1980-1986 жылдар аралығында А.С.Пушкин атындағы «құрмет белгісі» орденді Орал педагогикалық институтының математика-физика факультетін бітірген.

1986 жылдан бастап еңбек жолын Жәнібек ауданы XXYI партсъезд совхозы мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметінен бастап, 1990-1996 жылдар аралығында Жәнібек ауданы, Калинин совхозының Е.Ниетқалиев атындағы аралас мектепте математика пәні мұғалімі, одан кейін директордың орынбасары болып тағайындалған. Еңбек жолын одан әрі Орал қаласында М.Б.Ықсанов атындағы №36 мектепке жалғастырып, 2011 жылға дейін математика пәні мұғалімі және бала демалысына кеткен ТІЖО-ң орнына тағайындалған. 2011 жылы №36 мектептен №19 жоббм-ке (жалпы орта білім беру мекемесі) ұсынумен директордың ТІЖО болып ауыстырылды. 2013-2014 оқу жылының қаңтар айынан бастап жаңадан ашылған №46 жоббм-ке жұмыс істеп келеді. Осы жылдар аралығында отыз бір жыл ұстаздық қызметте,көптеген белестерді бағындырған Алма Мұстахқызының аудан, қала,облыс көлемінде еңбегі зор.