Алмас Елеусіз – кәсіпкер, мәслихат депутаты

Алмас Байзақұлы кәсіпкер ретінде тұрмысы нашар отбасыларға қайырымдылық жасап жүр. Сондай-ақ, депутат ретінде ауылдағы, аудандағы бірнеше мәселелрдің шешімін тауып, халық үшін аянбай тер төгіп келеді.

1980 жылы 3 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы Алғабас ауданы, Шаян ауылында дүниеге келген. 2002 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина акедемиясын фармацевтика мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы аудандық "Тау гүлі" ЖШС-нің дәріхана меңгерушісі болып бастаған. 2005 жылдан бастап "Тау гүлі" ЖШС-нің директоры қызметін атқарып келеді. Қазіргі таңда кәсіпкерлік саласын кеңейтіп, аудан орталығынан 3 дәріхана ашқан. Сонымен қатар, 2016 жылдан бері Бәйдібек аудандық мәслихат депутаты қызметін атқарып келеді. Ауданда өтетін түрлі іс-шараларға белсене араласып, қайырымдылық істердің басында болып жүр. 

2016 жылы Қазақстан Респубилкасының Президентінің Жарлығымен  ҚР "Ерен еңбегі үшін" медалімен, 2013, 2015 жылдары "ауданның үздік кәсіпкері" номинациясының иегері. Сонымен қатар, облыс, аудан, мәслихаттың алғыс хаттарымен марапатталған.