Алматов Алмасбек Нұрмаханұлы 13.02.1956 жылы Қызылорда облысы  Қармақшы ауданы, Қорқыт станциясында туған.  Ұлтымыздың жыршылық, жыраулық дәстүрін жалғастырушы, жырау-педагог, фольклор зерттеушісі. 1982 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының музыка - педагогика факультетін бітірген. 1982-1987 жылдары Қызылорда Облыстық кәсіптік білім беру  мәдениет басқармасы  мен Облыстық халық шығармашылығы орталығында жетекші маман қызыметін атқарып, 1987-1988 жылдары Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының ғылыми ізденушісі болып қабылданды. 1988-1990 жылдары Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының «Халық әні» кафедрасын ұйымдастырушылардың бірі және алғашқы меңгерушісі болып сайланды. 1990 – 2011ж. қазан айына дейін Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік  университетінің «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасын ұйымдастырушы және алғашқы  меңгерушісі болып қызмет атқарды. 2011 жылдың қазан айынан Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, Қорқыт атындағы өнер зерттеу орталығының директоры, 2012 жылдан Қазақ ұлттық өнер университетінің «Дәстүрлі ән» кафедрасының профессоры қызметінде.

1994-1998 жылдары Қызылорда облыстық маслихат депутаты. 1998 жылы  А.Н.Алматовтың жетекші, авторлығымен 0621-«Дәстүрлі өнер-жыр» мамандығы бойынша  негізгі жоғары білім беру мемлекеттік стандарты, оқу жостары, онын толық оқу – әдістемелік кешені жасалды. Ол Қазақстан Республикасының  Білім, мәдениет, денсаулық, спорт министрлігінің 08.05.1998 жылғы № 115 бұйрығымен бекітіліп, жоғарғы оқу орнындағы арнаулы мамандық есебінде классификаторға енгізілді. Осы мамандық бойынша 1998-1999 оқу жылына алғашқы студенттер қабылданды. 2001,2002,2004,2006 жылдары 062140 – «Дәстүрлі музыкалық өнер» (түрлері бойынша) Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының жетекші авторы. Жыраулық дәстүрді насихаттау және ғылыми дәлелдеу жолында А.Н Алматов  әр кезеңдерде шетелдерге қызметтік іс-сапарларда болды: 1985ж. Франция, Италия, Швейцарияда өткен –«Фольклорлық музыкалық турне», 1985ж. Монголия –«Азия халықтарының музыкалық симпозиум», 1993ж. Франция. Парижде  «Chatelet» театрында – жеке  концерт, 1993ж. Голландияның Амстердам қаласында «Музыкалық фестиваль», 1996ж. Америка, Висконсин, Медисон университетінде лекция- концерт, 2001ж. Египет. Каир . Қазақстан Республикасының 10 жылдығына орай өткізілген мәдениет күндеріне қатысты. 2002ж. Лондонда «Елезабет- Хоол» сарайында жеке концерт берген алғашқа қазақ жырауы. 2003ж. Американың Нью-Йорк, Вашенгтон қалаларында жеке концерт беріп, Смитсонион университетінде лекция-концерт өткізді. 2007ж Голландия, Белгияда өткен «Орта Азия халықтарының музыкалық фестивальдеріне» қатысып, Қазақтың жыршылық, жыраулық өнерінің әлемдік саханаға шығуына алғаш жол салған - өнер иесі.  А.Н. Алматов үздіксіз ізденісінің  арқасында атақ - абройға қол жеткізді: КСРО Композиторлар одағының Құрмет грамотасы (1985ж. Мәскеу). Қазақстан ЛКЖО сыйлығының лауреаты. (№244. 27.10.1986 ж.). Ы. Алтынсарин атындағы медаль (№192. 1992ж.). Решением Комитета по высшей школе Министерства науки, высшей школы и технической политики Российской Федерации от 20.05.1993 №678-д Алматову Алмасбеку присвоено ученое звание Доцента по кафедре народного пения. (ДЦ № 010806) Москва 1993г. ҚР Мәдениет қайраткері (№0649) 2003ж. ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (№00747) 05.08.2003ж. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (№ 4129) 08.12.2006ж. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясының құрметті Профессоры (№031) 28.08.2008ж. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталды. (№ 15076) 10.10.2011ж. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2013 жылғы 9 желтоқсанындағы Жарлығы бойынша, (№ 35857) А.Н. Алматов «Парасат» орденімен (Орден № 613) награтталды.

Өнер жолында жүзден астам шәкірт тәрбиелеп, халқаралық, республикалық конкурыстардың лауреаттарын дайындады. Профессор А.Н. Алматов шығармашылық және ғылыми зерттеу жұмыстарын үнемі жетілдіріп отыратын білікті ұстаз. Отбасылы. Жұбайы Алматова Мейрамкүл Сағындыққызы музыка маманы, оқытушы.