Ноғайбаев Әлмырза - Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері.

Ол 1947 жылы туылған. 1965 жылы мектеп бітіріп, Алматыдағы этрада және өнер студиясына түсіп, 1967 жылы Қазақ ССР-інің Халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтың класынан дәріс алды. 1967 жылы Қарағанды Мемлекеттік филормониясының әншісі, 1967-70 жылдары Совет Армиясы қатарында, 1970 жылы Шиелі аудандық мәдениет бөлімінде түрлі қызметте болды. 

1979 жылы Қазақ ССР-і Жоғары Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасымен марапатталды. 1994-1999 жылдары облыстық мәслихат депутаты, 1996 жылы «Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қызметкері», 1997 жылы Ноғайбаевтарға «Халық отбасы» ансамблі атағы берілді. 

Қызылорда облысы, Шиелі ауданының «Мерейлі отбасы-2016» ұлттық конкурсының бас жүлдесін, Қызылорда облысының «Мерейлі отбасы-2016» ұлттық конкурсының 2 орын жеңмпазы атағы берілді.