Алтынай Сыздықова  ұстаз 

Алтынай Сыздықова мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеруге аянбай тер төгіп жүрген тіл жанашырларының бірі. Ол жиырма бес жыл бойы ана тілінің мәртебесін арттыру жолында аянбай еңбек етіп келеді. 

Ол 2012 жылдан бастап Петропавл қаласы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде бас маман. "Ана тілі – әрбір ұлттың ұлы мақтанышы, асыл қазынасы, мұрасы, ел егемендігінің көрінісі" деген ұғымды берік ұстанған Алтынай мамандығына адал, қызметіне жауапты маман. Ана тілімізді наисхаттау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жариялап отырады. Ол мемлекеттік қызметшілерге арналған қазақ тілі пәнінен үйірме жүргізеді. Алтынай әрбір дәріске тыңғылықты дайындалып, үйірмеге қатысушылардың ынтасын арттыратын әдістерді ұтымды пайдалана біледі. Алтынайдан тіл үйреніп жүрген тыңдаушылардың «Қазтест» жүйесі бойынша көрсеткіштері өте жақсы. 

Алтынай жан-жақты, пысық, алғыр мінезімен ерекшеленеді. Ол тамаша ұйымдастырушы. Сабақ беруден тыс қоғамдық шараларға белсене араласып, түрлі байқаулар өткізіп тұрады. Олардың қатарында «Тіл – татулық тірегі», «Мен жастарға сенемін», «Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте», «Тіл шебері», «Тіл мерейі» атты шараларды атауға болады. 

Жұмыс барысында ұлттық өнерді және Қазақстан халқының мәдениетін қайта жаңғырту мен дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға атсалысып келеді. Жалпы қалалық деңгейде түрлі фестивальдер, тіл сайысы, айтыс ұйымдастыру, мемлекеттік мерекелердің тойлануына үлес қосу, мәдени іс-шараларға ұйытқы болуы Алтынайдың шеберлігін, ұйымдастыру қабілетінің жоғарылығын айқындаса керек.   

Алтынай Сыздықова Тимирязв ауданының әкімі сондай-ақ облыс және қала әкімдерінің атынан марапатталған. Тіл басқармасы, Қазақстан Халқы Ассамблеясы атынан берілген алғыс хаттары бар. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бұйрығымен «Қоғамдық тәрртіпті сақтағаны үшін» медалімен  марапатталған.