Аусагитов Алтынбек Солтүстік Қазақстан облысы бойынша еркін және қазақша күрестен бірнеше рет облыс чемпионы. Астана қаласында өткен республикалық ашық қазақша күресінде 3 орынның жүлдегері, екі дүркін «Қызылжар Барысы» атағының иегері. Аусагитов Алтынбек өзін тек жақсы жағынан көрсете білді. Жұмысында тиянақтылығымен және жауапкершілігімен ерекшеленді. Аусагитов Алтынбек еңбекқор, еңбекке қабілеттілігі зор болғандықтан еркін және қазақша күрестен бірнеше рет облыс чемпионы атағына ие болды. Алтынбек кішіпейіл, сабырлы да салмақты, әріптестері арасында абыройы мен беделі зор.