Алтынсары Үмбетәлиев – экономика ғылымдарының докторы, профессор

Алтынсары Дүйсенбекұлы ОҚО-дағы кірістер департаментіне басшы болып келгелі, көлеңкелі экономикаға қарсы, салық-кеден бойынша бірнеше нақты шаралар атқарылып, оң нәтиже көрсетіліп жатыр. Бұл да болса, білікті маман, экономика саласының білгірі А.Үмбетәлиевтің арқасы. Ол тек экономиканы емес, заң ілімін, инженер-механика саласын оқыған, жан-жақты азамат.

Ол 1958 жылдың 13-қарашасында Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданында дүниеге келген.

Алтынсары Дүйсенбекұлы салық және қылмысқа қарсы күрес салаларында еңбек еткен. 2001 – 2007 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облыстық қаржы полициясын басқарса, көп өтпей Жамбыл облыстық қаржы полициясының басшысы болды. 2008 – 2010 жылдар аралығында «Шымкент университетінде» жауапты қызметтер атқарды. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша заңдылықты қамтамасыз ету, құқықтық тәртіп және қылмысқа қарсы күрес үйлестіру кеңесінің мүшесі, экономика ғылымдарының докторы, профессор. Ол сондай-ақ, инженер-механик, экономист, заңгер мамандықтарының иегері, қаржы полициясының полковнигі. 

Қазірде ОҚО мемлекеттік Кірістер Департаментінің басшысы болып отыр.