Аман Әубәкіров – полицей қызметкері

Ол Павлодар облысы, Екібастұз қалалық ішкі істер басқармасының полиция капитаны, криминалдық полицияның жедел уәкілі. Ішкі істер саласында 10 жылдам астам уақыт қызмет етіп келеді, парасатты полицей.

Павлодар облысында талай адамды ажал аузынан құтқарып, қызмет жолындағы міндетін абыроймен орындап жүрген тәртіп сақшылары жетерлік. Солардың қатарында  Екібастұз қалалық ішкі істер басқармасының жедел уәкілі Аман Әубәкіров те бар. Қырағы полицей төртінші қабаттан секіріп кетпекші болған әйелді өлімнен арашалап қалды. 

Аман Әубәкіров өзіне-өзі қол жұмсамақшы болған жас азаматшаны құтқарған кезді әлі ұмытқан жоқ. Аталмыш оқиға Екібастұз қаласы Энергетиктер көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде орын алды. Ішкі істер басқармасының кезекшілік бөліміне 23 жастағы азаматшаның төртінші қабаттан секіруге әрекет етіп жатқаны туралы хабар түеді. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберіледі. Оның құрамында Аман Әубәкіров та бар. Полицей қырағылық танытып, көрші үйдің балконы арқылы пәтерге кіріп, азаматшаны құтқарып қалады. Кейін дәрігерлер оған медициналық көмек көрсетті. 

«Басыт мақсат – азаматтардың тыныштығын сақтап, қиын сәтте көмектен аянбау. Бұл әр полицейдің ұстанымы болу керек. Егер дәл осындай оқиға тағы да қайталанса, мен өмірімді де қатерге тігуге дайынмын. Халыққа жасаған жақсылық ешқашан ұмтылмайды. Бұл – полицей мамандығының абырйын асыратын іс» – дейді полиция капитаны.