Амангелді Иманов – педагогика ғылымдарының кандидаты

Өзі жоғары білім алған К.Д.Ушинский атындағы Петропал педагогикалық институтында (қазіргі М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті) 1992 жылдан бері қызмет ететін Амангелді Қалкенұлы тәуелсіз Қазақ Елінде алғашқылардың бірі болып кандидаттық диссертация қорғаған педагог. Ол – 60-тан астам ғылыми еңбектердің авторы. Оның мақалалары ғылыми-әдістемелік журналдарға жарияланған.

Шәкірттеріне дәріс бере жүріп, қосалқы және жеке автор ретінде оқу-әдістемелік 3 көмекші құралын құрастырған болса, соның бірі 2017 жылы университет баспасынан жарық көрді. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, жоғары деңгейдегі мамандарды дайындағаны үшін ҚР Қорғаныс министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы балалар құқығын қорғайтын департаменттің грамотасымен, 2016 жылы СҚМУ ректорының және сол жылы ҚР Білім және ғылыми министірінің «Алғыстхатына» ие болды.