Амангелді Исманов 1943 жылдың 5 қарашасында дүниеге келген. Ол Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Ошақты ауылдық округі, Қоңыртөбе елді мекенінің тұрғыны.  

Қазірде Келес ауданының су шаруашылығының басшысы қызметінде. Сондай-ақ, Абай совхозы бөлімше меңгерушісі, директор орынбасары, облыс маслихат II-III шақырылымының депутаты. "Зах-Келес канал" филиалының басшысы қызметін атқарған, каналдарды түзету жұмыстарымен белсенді айналысқан.

Амангелді Исманов Қазақстан Республикасының Президентінің алғыс хатымен, ауыл шаруашылығы министрінің алғыс хатымен, облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталған.