Амангелді Кұттыбайұлы – халықтың әлеуметтік дамуы үшін елеулі еңбек үлесін қосып жүрген азамат.

 

Петропавл педучилищесін бітіргеннен кейін, 1967 жылы Шал ақын ауданындағы Ленин орта мектебінде мұғалім болып қызмет атқарды. Уақыт өте келе Омск ауыл шаруашылық институтына оқуға түседі. Оқуды ойдағыдай аяқтаған соң, облыс ұйымдарының жобаларына білек сыбана кіріседі. Облыстық атқару комитетінің көмекшісі, «Союзцелинвод» магистральдық су құбырлар тресінің басшысы, "Алаугаз" АҚ вице-президенті болып түрлі еңбек жолынан өтеді.

Зейнеткерлік демалысына шыққаннан кейін де,  қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. Жергілікті комиссияның тұрақты мүшесі ретінде халық пен билік өкілдері арасында сауатты қарым-қатынас жасап, жергілікті бизнес өкілдерімен зейнеткерлердің әлеуметтік жағдайының жақсаруына ат салысады. Облыс көлемінде ардагерлер арасында үлкен құрметке ие.