Әмірболат Құсайынұлы – тележурналист

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін қызыл дипломмен тәмамдап, кейін өз мамандығы бойынша магистрлік дәрежесін алған. Алматы телеарнасында 6 жылға жуық белсенді жұмыс жасайды.  Осыған дейін "Хабар" агенттігі мен Қазақ радиосында тілшілік қызметін атқарған. Үш бала тәрбиелеп отырған ардақты әке, өнегелі жар. Қолы босаған сәтте отбасысымен еліміздің тарихи орындарын саяхаттағанды ұнатады. Әмірболат Құсайынұлының айтуынша, әрбір қазақтың қара домалақ баласы ұлттық құндылығымызды бағалап, ел мен жер үшін еңбек еткен арыстарымызды, олардың еңбектерін дәріптеуі қажет. Жұмыс барысында мемлекеттік саясаттан бөлек халықтың әлеуметтік мәселесін жоғарғы билік өкілдеріне жеткізуге ат салысады.