Анатолий Шрамко – «Мамлют ұн өнімдері комбинаты» ЖШС директоры

Ауыл шаруашылығы саласында адал қызмет етіп келе жатқан Анатолий Константинович  жетекшілік ететін «Мамлют ұн өнімдері» ЖШС – еуропалық өнімдермен қатар халықаралық марапатқа ие болған еліміздің бірден бір кәсіпорыны. Мәселен, бұл ЖШС-ға 2008 жылдың желтоқсан айында Еуроапа Ассамблеясының номинация комитеті (ЕВА, Оксфорд, Ұлыбритания) «United Europe» халықаралық марапаты және «ХХІ ғасыр көшбасшылары» Халықаралық имидж бағдарламасының  сарапшылар Кеңесі қазақстандық өнімді жоғары бағалап, «European Quality («Еуропалық сапа») марапатын табыстаған болатын.

Сонымен қатар, италиялық соны технологиялармен жабдықталған агроөнеркәсіп кешенінің өнімдері тек Қазақстанда ғана емес, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті саналады. Мәселен, жыл сайынғы өнімдердің басым бөлігі республиканың оңтүстік өңірлеріне, Өзбекстан мен Тәжікстан, оңтүстік-шығыс Азия мемлекеттеріне жөнелтіледі. А.Шрамко басқарып отырған кәсіпорын «Парыз 2009» және «Парыз 2012» сыйлығын және 2013 жылы «Өнеркәсіп көшбасшысы» сертификатын иеленген.