Анна Евгеньевна – тележүргізуші, «Рудненское цифровое телевидение» ЖШС директоры

Жалпы орта білім беретін мектептің 9 класын ғана бітірген Анна Шендерская өзі туған облыстың нағыз шын жанашыры. Өйткені, талантымен таудан асса да жарасар еді, бірақ, оның таңдауы басқа болды. Рудныйдың әлеуметтік-гуманитарлық колледжін «Ағылшын және неміс тілдері пәнінен мұғалім» мамандығы бойынша бітіріп, З.Алдамжар атындағы Қостанай Әлеуметтік-техникалық университетінде білімін жетілдірген. Еңбек жолын «Горняк» аудандық мәдениет орталығының мәдени-көркемдік қызметінде бас маман болудан бастаған А.Шендерская аталмыш ұжымда 9 жыл қызмет етеді. Рудный ауданы халқына мерекелік кештердің жүргізушісі ретінде танылған Анна «Рудненское цифровое телевидение» ЖШС директоры қызметіне шақырылады. Жасынан еріктілердің қызметіне сүйсініп өскен А.Шендерская басшылық қызметте отырса да әріптестерімен бірге жүріп жұмыс істейді. Мәселен, оның «В гости к детям» атты авторлық бағдарламасы – РЦТ арнасының көрермені көп бағдарламаларының бірі.

Қайырымдылық мақсатында, әсіресе, жетім, жағдайы төмен, науқас балаларға көмектесу үшін ашылған бағдарламаның ашылуына мына бір оқиға себепкер болыпты: Рудный қаласының кішкентай тұрғыны, генетикалық ауруға ұшыраған (диагнозы буллезный эпидермолиз) Саша Игнатенконың операциясына қаржы жинау үшін А.Шендерская акция ұйымдастырады. Үш айға созылған «Поможем Сашеньке вместе» акциясының нәтижесінде 32 мың АҚШ доллары жиналып, Саша қыз анасымен бірге Германияға аттанады. Отасы сәтті жасалып, елге аман-есен оралады.

Міне осы күннен бастап А.Шендерская РТЦ арнасының жаңалықтарында, анонстарында жылт ете қалған акцияны жалпы балаларға арналған телебағдарлама ету жөнінде бастама көтереді.

2017 жылы Анна Шендерскаяға облыс меценаттарының сыйлығымен қоса Алғыс хат және «Алтын жүрек» белгісі табысталды. Сондай-ақ, осы жылы Анна Рудный қаласының 60 жылдығы медалін,  «Жыл әйелі» атағын иеленген.