Анна Солдатова-режиссер

Анна Солдатова 1973 жылы 29 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Балалық шағынан бастап, сахнаның мәнін де сәнін де көрермен қауымға көрсетуге бар күшін салатын. Театр сахнасына деген қызығушылығын байқаған ата-анасы, 1980 жылы жергілікті мәдениет үйінде өткізілетін шараларға қатыстыратын. Араға біраз жыл салып, музыка мектебін тәмамдап, 1989 жылы сол мектептің түлеп ұшқан түлегтерінің қатарынан көрінді. 1 жыл артқа қалдырып, Анна қала өмірінің мерекелік шараларына белсене қатысып жүрді. Джаз оркестрінің солисті болуымпен қатар, аймақтық және халықаралық фестивальдар мен байқауларға қатысты. Кейінрек «Дирижерлік хор» атты Петропавлдық музыка мектебіне түсіп, дирижерлік жұмыстың музыка саласында орны қандай екендігіне қызығушылығы оянып, 1993 жылы аталған оқу орнын аяқтады. Дәл сол жылы А.Солдатова сол уақытқа дейін алған білімімен шектелмей, Ресейдің Челябинск қаласына барып, режиссер оқуын жалғастырды. 1994 жылы елге оралып, 1996 жылға дейін Петропавл қаласының № 2 музыка мектебінде сабақ берді. 1997 жылдан бастап, 2004 жылға дейін, М.Қозымбаев атындағы СҚМУ «Кернеу айнасы» Халық театрының режиссері. Сонымен қатар, 1998 жылдан бері сценарист және қалалық, облыстық шараларында режиссерлік қызметін атқарып жүрді. 2000 жылдан бастап, Челябинск қаласына қайта оралып, біліктілігін әрмен қарай арттыру мақсатында арнайы курстарын өтті. 2002 жылы Мәдениет және туризм саласы бойынша Мәскеу академиясынан қызыл дипломмен аяқтап, екінші жоғары білімін алды. 2004 жылы Теміржолшылар мәдениет үйінің көркемдік жетекші қызметінің жұмысын атқарды. 1 жылдан кейін, теміржолшылар мәдениет үйінің «бұқаралық ақпарат бөлімінің басшысы» лауазымына ауыстырылды. Ал 2006 жылдан, қазіргі таңға дейін-«Мереке» агенттігінің басшысы атанды. Яғни түрлі шығармашылық іс-шараларды, концерттік бағдарламалар мен театрландырылған қойылымдарды ұйымдастыруға және өткізуге маманданған азамат. Сонымен қатар, 2015 жылы Анна, «қалалық мәдениет үйінің» мемлекеттік мәдени орталығында «режиссер» болып тағайындалды.

Еңбек өтілі - 25 жылдан астам. Жетім балаларға арналған қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу үшін алғыс хаттары бар. Оңтүстік Орал темір жолының жетекшілерімен қатар, Челябинскідегі жол жарыстарында және фестивальдерінде белсене ат салысқаны үшін құрмет грамоталарымен марапатталған.

Шынайы ынта, жоғары кәсібилік пен жасампаздық - Анна Солдатованың негізгі ұстанымы.