Антон Чашин-кәсіпкер

Антон Чашин 1988 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. 1995-2005 жылдар аралығында №18 орта мектепте оқыды. 2005-2009 жылдар аралығында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде географ мамандығын да оқып, үздік көрсеткішпен оқуды қорытындылады. 2009 жылдан бастап, «Казгидрометте» инженер-гидролог болып жұмыс істеп бастады. Араға біраз жыл салып, отбасын құрған Антон, 2013 жылы жеке кәсіппен айналыса бастады. «Ландшафт Дизайн Павлодар» ЖШС ашып, қазіргі уақытта ең табысты кәсіпкерлердің біріне айналды.   

Сондай-ақ, жас кәсіпкер көптеген жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Мәселен, ол «Павлодар облысының үздік жас кәсіпкері» байқауында «Табысты бастау», «Қызметтер» және «Экология саласындағы үздік жас кәсіпкер» санатында бірінші орында болды. Ал Астанада өткен байқаулардың бірінде жас жігіт «Жылдың серпіні» «Қазақстан Республикасының үздік жас кәсіпкері» атағына ие болды.