Әнуар Женаев – жас спортшы

Әнуар Асқарұлы жас та болса, көптеген халықаралық тургнирлерде топ жарып жүрген спортшы. Оның арманы Қазақстанның атын әлемге таныту, таэкван-до спорты бойынша алғашқы олимпиада чемпиону атану. Ол «Азия жауынгері» халықаралық турнирінде екі рет топ жарған.

Әнуар Женаев – Павлодар қаласындағы №30 ЖОМ-нің оқушысы, 1ДАН қара белбеуінің иегері. Ол таэкван-до спортымен 9 жасынан бастап, жергілікті "Қаһарман" клубында айналысады. Жеке бапкер Кален Сұлтанғазин Әнуардың болашағына нық сенеді.

Ол бүгінде Қазақстанның чемпионы, халықаралық «Азия жауынгері» турнирдің екі дүркін чемпионы, көптеген республикалық турнирлердің жүлдегері, Молдованың Кишинев қаласында өткен Еуропа ашық чемпионатының жүлдегері.