Ардақ Жетекова – ұстаз

«Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…» – демекші, Ардақ Жетекова өзі ісінің нағыз шебері, парасатты ұстазы, өнегел мұғалім, нағыз педагог.

Ардақ Сағындыққызы 25 жыл көлемінде ұстаздың қызмет атқарады. Бұл аралықта жас ұрпаққа сапалы білім мен сапалы тәрбие беруде үлкен үлес қосты. Сонымен қатар ауданымыздың, қаламыздың қоғамдық саяси өміріне белсене қатысты. Жалпы еңбек жолында шәкірттері Ұлттық Біріңғай тестілеуде жоғары нәтиже көрсетті және  пән олимпиадасында жетістіктерге жетті.