Арын Батырұлы – еліміздің ауылшаруашылығы саласының дамуына айтарлықтай үлес қосып жүрген азаматтардың бірі.

1967 жылы 25 қаңтарда өмірге келген. Алғашқы еңбек жолын 1978 жылы «Күйік» асыл тұқымды қой заводында көмекші шопан ретінде бастаған. 1984 жылы Ленин аудандық «Сельхозхимия» өндірістік бірлестігінде агроном-техник лауазымын атқарды. Одан кейінгі жылдары Ленин аудандық ауыл шаруашылық басқармасында агроном, Ф.Энгельс атындағы колхозда аға агроном, 1991-1993 жылдары Ленин колхозында бас агроном және колхоз бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.

1996-1999 жылдары «Күйік» асыл тұқымды қой заводында – бас агроном, 1999-2002 жылдары «Еңбекші» ЖАҚ төрағасы, 2002 жылдан «Үшбастау» өндірістік кооперативі төрағасы қызметін атқарып келеді.

Астық өндіруде қол жеткізген жетістіктері үшін үш рет аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталған. Институт бітіргелі табан аудармай туған елінде ауыл шаруашылығының егіншілік саласында жемісті еңбек етіп келеді.