Арқабек Төлебаев ауыл жанашыры.

Жамбыл облысы, Талас ауданы, С.Шәкіров ауылында өзі басқарып отырған «РБЕ-ОЙЛ» ауылдық дәрігерлік амбулаториясын соққан. Соқырлар қоғамына, мүгедектерге, соғыс және еңбек ардагерлеріне, ауған соғысының қатысушыларына, табысы төмен отбасыларына, қарттар үйіне, мектептерге үнемі материалдық көмек көрсетіп отырады.

Марапаттары:            

«ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл»,«Тыңға 50 жыл»,«Қазақстан Конституциясына 10 жыл»,«ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл»,«Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл»,«Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл»,«Қазақстан Конституциясына 20 жыл»мерекелік медальдарымен марапатталған. Қазақстанның «Құрметті спорт қайраткері»,Тараз қаласының «Құрметті азаматы»,ҚР «Мәдениет қайраткері белгісі»,«Талас аудандық құрметті азаматы»,ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Құрмет грамотасы»,Тараз қаласының М.Х.Дулати атындағы МУ «Құрметті профессоры», ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен «Құрмет ордені», Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының «Этносаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін» естелік белгісі, «Мейірімді жан» Жамбыл облысы әкімінің алғыс хаты, «Нұр Отан» партиясы төрағасының алғыс хаты мен дипломы, «Қазақстан мәслихатының құрметті депутаты» атағы, Б.Момышұлы «НАМЫС» төс белгісі, Қазақстан Республикасының Министрлігінің «Құрметті құрылысшы» төс белгісінің иегері.