Арман Қарсыбаев Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданданында 3 спорт мектебінің және заманауи үлгідегі спорт кешенінің ашылуына ықпал жасап, үлесін қосқан азамат.


Арман Қарсыбаев 2001-2017 жылдар аралығында 18 Әлем чемпионын, 19 Әлем чемпионатының жүлдегерлерін,17 Әлем кубогы иегерлерін, 111 Азия чемпиондарын, 27 Азия кубогының иегерлерін, 220 Қазақстан Республикасының чемпиондарын, 243 Қазақстан Республикасы чемпионаттары жүлдегерлерін, 151 Халықаралық турнирлер жеңімпаздарын, 46 Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерін, 83 Қазақстан Республикасы спорт шеберлерін, 347 спорт шеберлігіне үміткерлерін,1 Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушысын дайындады. 

2015 жылы  Шардара қаласындағы Мельдеби қауымына өз есебінен     
армрестлингтен балаларға арналған жаттықтырушылық зал салып, қазіргі таңда мұнда 500-ге жуық спортшылар дайындалуда.


2017 жылы Шардара қаласындағы Мельдеби қауымына "Шардара армспорт" аллеясын салдырып, ел игілігіне берді.