Арман Қасымғожин-жеке кәсіпкер.

Жылдар бойы тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсетіп, қайырымдылық жасап келеді.   

1990 жылы Арман Қасымғожин зоотехник болып алғашқы жұмыс бабын бастаған. Қиын-қыстау заманда мал шаруашылық саласында тер төгіп, қызмет атқарған А.Қасымғожин қазіргі уақытта осы саланың білікті маманы болып отыр.

2014 жылы қарашадан бастап жеке кәсіпкер ретінде «Алисарай» компаниясын ашты. Компанияның негізгі қызметі - мал шаруашылығы.  

2015 жылы Жамбыл ауылына 150 ақ басты және 170 симменталды тұқымды мал басы санын алып келді. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысына қарасты елді мекендерге мал шаруашылығымен қамтамасыз етуде.

Арман Оразкенұлы өзінің жұмысын жақсы білетін, тәжірибелі, шебер көшбасшы ретінде таныта білді. Өзіне тапсырылған тапсырмаға жауапты, өндіріске жаңа технологияларды енгізуді үнемі іздестіріп отырады.