Арман Оспанов – аралас жекпе-жек шебері

Арман Әшімханұлы – самбо спорт түрінен әлемді үш рет бағындырған, сондай-ақ джиу-джитсу спортынан Әлемнің кубогы мен Азияның екі дүркін чемпионы.

1989 жылы 7-желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Леңгір қаласында дүниеге келген.

Оңтүстік Қазақстан облысының самбо мектебінің шәкірті. Кәсіби аралас жекпе-жек спортынан барлығы 7 кездесу өткізіп оның бәрінде жеңіспен аяқтады. Атақты бапкер Грэг Джексонның командасында Джон Джонс, Андрей Арловский (UFC экс-чемпионы), Алистар Оверим (StrikeForse экс-чемпионы), Дональд Серроне мен Джон Додсондармен бірге жаттығады.

«Сұңқар» лақап атымен танымал Арман Оспанов Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. Сондай-ақ, ол Қазақстан Alash Pride клубының сапында өнер көрсетеді. ММА -ның Жауынгерлік сериясы арқылы жұртшылыққа белгілі спортшы.