Асан Әділбеков – жеке кәсіпкер

«Саналы да ерікті еңбек адамды бақытқа кенелтеді» деген қанатты сөзді ұстанатын Асан Әділбеков ертелі-кеш еңбек етуден жалықпай, білдей бір қожалықтың ісін дөңгелетіп отыр. Ол 2013 жылы  мақта дақылынан 61,5 ц/га өнім алып «Облыс чемпионы» атанды.

1941 жылы 25 сәуір күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Көксу ауылдық округінде дүниеге келген. 1960 жылы Шардара мектебін бітірген. 1970 жылы Ташкент қаласындағы ТИИиМСХ институтының «Инженер-технолог» мамандығы бойынша білім алған. 1972-1990 жылдар аралығында Шардара ауданы 50 жылдық  зовхозында бас инженер қызметін атқарған. 1994 жылдан бері кәсіпкерлікпен айналысады. «Тоқай» шаруа қожалығының төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері.

Асан Әділбеков жыл сайын қайырымдылық жасап, тұрмысы нашар отбасыларға көмектесуді ұмытқан емес.