Асан Сыдықов – жас әнші

Асан Бақтиярұлының ерекше даусы, музыкалық қабілеті талайды тамсандырып келеді. Ол бірнеше республикалық байқауларда топ жарып, халықаралық деңгейде ел намысын қорғап жүрген жас әнші.

1999 жылы 9 маусымда Өзбекстан Республикасында дүниеге келген. Қазіргі уақытта М.Әуезов ОҚМУ-да оқиды.

2015 жылы оқушылар арасындағы Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи мұражайларына бес күндік «Облыс тарихы» керуен-шеруі іс-шарасының ІІ дәрежелі дипломмен мадақталса, 2016 жылы облыс оқушыларының «Болашақ жұлдыздар – 2016» байқауының І дәрежелі диплом иегері атанды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Шаянға барсаң әншімін деме» облыстық ән байқауында 1-орын; «Қош келдің, құтты Наурызым!» атты Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы шығармашылық байқауының «Вокал» номинациясы бойынша бас жүлде; «Туған жерім – тірегім» атты облыстық патриоттық әндер байқауында 2-орын; Халықаралық «Ашық Қазақстан» музыка фестивалінің 1-орын иегері;  Халықаралық «Гамбоджа, Тибилиси» шығармашылық фестиваль-конкурсында І дәрежелі диплом; Бәйдібек ауданы әкімінің «Жылдың үздік әншісі» номинациясымен марапатталды. 2017 жылы облыстық «Арай-2017» жас әншілердің эстрадалық ән байқауында 3-орын иегері атанды.