Әсел Кабаканова - Қарағанды өңірінің тумасы, анестезиолог-реаниматолог.

Қарағанды мемлекеттік медицина университетін тәмәмдаған соң, Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми медицина орталығындағы балалар кардиохирургия бөліміне жұмысқа орналасқан. Бірден анестезиология-реаниматологияға барамын деп мақсат қоймаған Әсел алғашынды кардиолог болып жүреді. Соңғы бес жылы реанимацияда қызмет етумен өітп келеді.

"Кадиологиядығы анестезиолог-реаниматологтың қызметі өте үлкен жауапкершілікті талап етеді. Алғаш отаға кірген кезімде жүрексінгенім рас, ал бүгінде жинаған тәжірибемнің арқасы болар, батыл кірісемін. Жалпы барлығы  хирургтың рөлі көбірек деп ойлайды, дегенмен ота жасалатын баланының қысымын, жүрек қағысын қалыпқа келтіріп, наркозды да мөлшерімен беріп және тағы басқа көптеген жұмыстарды атқаратын бізбіз. Хирург сәтті ота жасауына біздің де еңбегіміз зор. Кей білікті хирургтар «Біз үшін анестезиолог маңызды. Ол қалай жұмыс жасаса, менің де жұмысым дәл сондай болмақ» – дейді дәрігер.

Көкшетаудағы 700 грамдық сәбиге жасалған отаның сәтті өтуіне бірден бір септігін тигізген дәрігердің бірі осы Әсел Кабаканова.