Әсел Мұстафина-көркем гимнаст

Әсел Мұстафина 1982 жылы Павлодар қаласында дүниеге келді. Әйгілі гимнаст Павлодар облысының көркем гимнастика бойынша аға жаттықтырушысы.

Әсел Мұстафина Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер, Ресей Федерациясының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 1992 жылдан бастап 1995 жылға дейін Әсел көркем гимнастика бойынша Қазақстанның чемпионы атанды. 1995 жылдың аяғында сол кездегі көркем гимнастикадан Ресей құрамасының бас бапкері Ирина Виннердің шақыртуымен Мәскеге аттанды. 1996-1999 жылдар аралығында Әсел көркем гимнастикадан Ресей чемпионы атанды.

Сонымен қатар, Әсел 1995 жылы Азия чемпионы (Қытай, Тан Ши), 1996 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері (Испания, Сивилия), 1994-1995 жылдары төрт континенттің жүлдегері (Сеул, Египет), 1995 жылы ТМД Спартакиадасының чемпионы (Ресей, Санкт-Петербург).

1998 жылы Әсел бірнеше беделді марапаттарға ие болды. Олардың бірі : Дүниежүзілік жастар ойындарында (Ресей, Мәскеу) қола медаль, Әлем кубогінда күміс (Жапония, Токио), Goodwill Games (АҚШ, Нью-Йорк) қола едальді жеңіп алды.