Аселкуль Токбергенқызы – нәзік жан болса да еркекке бергісіз үлкен-үлкен шаруа тындырып жүрген еңбекқор жан.

1973 жылы 1 қаңтарда Жамбыл ауданының оқу бөліміне есепші болып жұмысқа орналасқан. Одан кейін балалар жәрдем ақысын беретін есепші болып және СЮТ-да бас есепші болып қызмет атқарды.

1998 жыл «Берікқожа» шаруа қожалығы құрылды. 2009-2012 жылдар аралығында жазда жайлауда, қыста үйде мал жайлап, мал санын көбейтіп,  2013 жылы Көделіден жайылым алып, фазенда соғып, сол жақта мал басын көбейтумен шұғылданды. Алғаш шаруа қожалығын құрғанда 5 га егістік алқап болса, қазіргі уақытта суармалы егістік жер 42 га, жайылым алқабы 120 га ұлғайды. Шаруа қожалығы егін егумен және мал шаруашылығымен айналысады.  200 га жерді жалға алып арпа, бидай, жүгері, қант қызылшасы, мақсары, көп жылдық және мал азықтық шөптер т.б. дақылдар өсіріп отыр.  800 бас қой, 84 бас мүйізді ірі қара, 45 бас жылқы малын бағып шаруашылығын дамытып отыр. «Сыбаға», «Алтын асық» бағдарламалары арқылы мал алған, асыл тұқымды бұқалар да алып бағып отыр. Облыстық ауылшаруашылық жәрмеңкелерге белсенді қатысады. Округ бойынша үшінші жыл қатарынан қант қызылшасын егіп жоспардағыдай өнім алуда. Арнайы мемлекеттік бағдарламамен 2015 жылы құны 5,2 миллион тұратын  «Белорус-80,2» тракторын құм салғышымен бірге алды. 2016 жылы құны 7,5 миллион тұратын қант қызылшасын күтіп баптауға арналған трактор агригаттарын сатып алды. Сондай-ақ өз жеке қаражатына 1 МТЗ-80 тракторы, 1 К-500 тракторы, 1 ГАЗ-53 жүк көлігі, 1 дана астық оратын «Нива» комбайыны,2 дана тұқым сепкіш, 1 дана түк жинағыш, 1 дана шөп орғыш техникаларын алған. 2014 жылы Жамбыл ауданы әкімінің ауыл шаруашылығы саласында қызмет атқарғаны үшін грамота, 2015 жылы Жамбыл аудандық мәслихатының  алғыс хаты, Аса ауылдық округі әкімінің мақтау қағазы, 2016 жылы кәсіпкерлер палатасының грамотасы, 2016 жылы Қазақстан Республикасының  тәуелсіздігіне 25 толуына орай Елбасының құттықтау грамотасы мен арнайы медальымен (төс белгі) марапатталған.