Әсет Қайыпбеков Әбдірашұлы – қоғам белсендісі, меценат, кәсіпкер.

1977 жылы 13 қарашада Төлеби ауданында дүниеге келген. 

Кәсіпкер 2009 жылы Шымкент қаласындағы темір жол вокзалы алдындағы «Жібек жолы» архитектуралық композициясының құрылысын өз қаражатымен салдырып, қала күніне тарту етті. Ал, 2010 жылы шымшаһардағы мамандандырылған бөбектер үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген. Сондай-ақ Жеңістің   65 жылдығына арнап тұрғызылған «Даңқ» мемориалының құрылыс жұмыстарын өз қаржысына  жүргізген. Ал, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында ашылған «Тәуелсіздік» саябағындағы «Алтын шаңырақ» ел бірлігі монументін өз қаражатына тұрғызып берді. Қазақ халқының қалыптасу тарихын келешек ұрпағымыздың оқып білу үшін «Жаныс – Шегір шежіре», «Дулати» кітабының басылып шығуына атсалысып көмегін көрсетті.

Қазақ халқының елдігі мен тәуелсіздігі жолында атқа қонып жоңғар шапқыншылығы кезінде ел тыныштығын қорғаған Ақпан батырдың құрметіне Шымкент қаласындағы Ақпан батыр көшесімен Жібек Жолы даңғылы қиылысында Ақпан батыр баба ескерткішінің құрылысын өз қаражатына жүргізіп, айналысын көгалдандыру мен гүлдендіру арқылы қала балансына тарту етті.

Кәсіпкер Төлеби Ауданы Кемеқалған ауыл округі Абай ауылына 500 орындық «Аманта» мешітін салып берді. Өзі туып-өскен Төлеби ауданы Кемеқалған ауылдық округіне 20 шақырымдық асфальт жол салып берді.  Ал, 2016 жылы  Ұлыс мерекесі – наурыз мейрамында Төлеби ауданы Кемеқалған ауылында  аудан және ауыл тұрғындарын жинап,  қазақ эстрада әншілерінің қатысуымен үлкен іс-шара тарту етті. 2016 жылы 25 мамыр күні Төлеби аудан мектеп бітіруші түлектеріне арналған «Жас Түлек» атты қазақ эстрадасы әншілерінің қатысуымен  өткен  театрландырылған шараға бас демеуші болды.

Өзі сайланған №46 сайлау округінің сайлаушыларын күнтізбелік мереке күндерінде   (8-Наурыз Халықаралық әйелдер күні, 22 – наурыз Ұлыстың ұлы күні, 9 – мамыр Жеңіс күні, 1 – маусым балаларды  қорғау күні т.с.с  бас қосу мерекелік іс-шараларын ұдайы өткізіп, демеушілік көрсетіп тұрады.  

«Жұлдыз» тұрғын алабының ауыл іші жаяу жүргінші, автокөлік жолдары құрылысына демеушілік жасап  20 шақырым жолға құрылыс жұмыстарын жүргізген.

Өзі сайланған округ бойынша 20 әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды өз қарамағына алып, барлық ем-дом, тұрмыс жағдайының жақсаруына демеушілік жасап отыр. Сондай-ақ сайлау округінің мектеп оқушылары мен бүлдіршіндерін 1 реттік мектеп формасымен қамтамасыз етіп, мерекелік саяхат жұмыстарына демеушілік жасайды.

2017 жылы Қасиетті Рамазан айында Шымкент қалалық «Абдулхамит Қаттани» мешіті жаңа тұрпатта халық игілігіне пайдалануға берілді. Мешіттің күрделі жөндеу жұмыстарына, мешіттің жанынан қосақталған асхана, діни дүкен, медресе ғимараттарының толыққанды құрылыстарын  жүргізілуіне бас демеуші болды. 

«Корпорация Сити Строй» ЖШС-і құрылыс компаниясының директоры, сондай-ақ, ҚР ОҚО VІ – шақырылымының облыстық маслихат депутаты.