Әсет Майлытаев медицина саласындағы білікті маман. Өз ісіне адал, мұқият, жақсы тәлімгер, жас мамандарға әдістемелік және практикалық көмек көрсететін Әсет, өскелең ұрпақтың пір тұтатын азамат екенін іс жүзінде көрсетуде.

Әсет Майлытаев 2003 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің бітіріп шыққан түлектерінің бірі. 2003-2004 жылдары Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының базасына қарасты интернатқа оқыды. Интернаттан кейін, 2004 жылдан бастап Есіл ауданының Явленский аудандық ауруханасында хирург ретінде еңбек жолын бастаған. 2008 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Жамбыл Орталық аудандық ауруханасы» ПХВ хирургиялық бөлімінде хирург болып жұмыс істейді.

Жұмыс өтілі барысында ол өзін жауапты, мықты маман, өз мамандығы бойынша  білікті дәрігер ретінде көрсетті. Әсет Майлытаев үнемі кәсіби деңгейін көтеруге, күрделі операцияларды жүзеге асыруға, медициналық технологияға және диагностикаға жаңа технологияларды енгізуге бар күшін жұмылдыруда. Ауыр науқастарды емдеуіне әріптестеріне кеңес береді және көмектеседі. Ұқыпты, сыпайы, мұқият болуды өзінен және әріптестерінен талап етеді. Сонымен қатар, аурухана мен ауданның қоғамдық өміріне белсенді түрде қатысады.