Асхат Әбжанов 1987 жылдың 20 маусымында дүниеге келген. 

Балалығы Қазақстанның солтүстігіндегі Степногосрск қаласында өткен. Ол жылдары елде дағдарыс болып, Асхаттың әке-шешесі жұмыссыз қалады. Бұл қиындықтан шығу үшін олар нан пісіріп, сата бастайды. Асхат үшін сауда бизнесі осы кезден басталды. Ол мектепті аяқтап,  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға оқуға түседі.

Мобильдік қосымшалар (телефонға арналған приложение) және сайт жасаумен шұғылданатын WAKE UP technology компаниясының іргетасын қалаушы әрі бас директоры. Әл-Фараби атындағы бизнес-инкубатордың жетекшісі. Орта мектеп оқушыларымен тығыз қарым-қатынастағы «Қазақстанның жаңа буын өкілдері» («Новое поколение Казахстана») көшбасшылық мектебінің негізін құрды. Қазақстанның жас кәсіпкерлер қауымдастығының меңгеруші директоры.

 «Сырт көзге болымсыз көрінгенімен, қолайсыздық жағдайда өсеміз, жетілеміз. Жанымыз жайлы жағдайда болса ми мен дененің 120% жұмыс істеуіне мүмкіндік бермейді» дейді тілге жүйрік бизнес-тәлімгері.