Қасенғали Асхат Санатұлы 1993 жылы 30 сәуірде ШҚО, Үржар ауданында дүниеге келген. Мектепті "Алтын белгі" дәрежесімен аяқтап, ҚазҰУ-ін "Саясаттану" мамандығы бойынша үздік бітірген. Білім мен ғылым жолында бірнеше республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпазы.

Бүгінде "Болашақ" РҚ құрамында Жастар қанатын басқарып, қоғамға пайдалы көптеген жобаларды жүзеге асыруда. Соның бірі, "Ауыл шақырады" акциясы. Аталмыш акция бойынша еліміздегі шалғай ауылдарға барып, түрлі тақырыпта тренингтер оқуда. Осы уақытқа дейін 8 облыс, 15 аудан, 50-ден астам ауылда дәрістер оқыды. Бірінші Республикалық Жастардың президентпен кездесу форумына қатысып, Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған жарыстың жеңімпазы қатарынан көрінді.

Arhar.kz сайтында қоғамда қордаланған мәселелерді көтеріп, үнемі әлеуметтік шиеленістерді реттеудің жолын іздейтін талдамалық мақалаларды өмірге әкелуде. Ол үнемі "Адамдық борышың, халқыңа еңбек қыл" деген Шәкәрім бабамыздың сөзін өмірлік бағыты санайды.