Асхат Құрышғалиұлы  – қоғам белсендісі

Бабаларымыз «Қол бастау қиын емес, шаршы топта сөз бастау қиын» десе, бүгінде еліміздің саяси өміріне араласуға бекініп, азаматтық қоғамда белсенділік танытып, көпшілік алдында сөз бастап, өз ойын еркін жеткізіп жүрген жастар аз емес. Солардың бірі – еліміздің саяси жағдайын ілгерілету жолында әртүрлі жобалармен айналысып жүрген Асхат Олжабаев. Ол – студент кезінен-ақ өзінің ерік-жігерін, білімділігін көрсете алған азамат. Алғашында «Еркін пікір» коалициясына жетекшілік етсе, кейін «Жасыл Ел» сынды студенттік құрылыс отрядтарында табысты еңбек етті.

Екі жыл Жамбыл облысының Жамбыл ауданы әкімдігінде халықты жұмыспен қамту бөлімінде қызмет жасай жүріп Тараз қалалық Мәслихатына депутаттыққа кандидатурасын ұсынады. Алайда, халықтың 30 пайыз дауысын жинаған Асхат Мәслихатқа өте алмады. Студент кезінен қоғам белсендісі болып жүрген Асхат Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың және ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтің, Мәжіліс депутаты М.Айсинаның және Жамбыл ауданының әкімі Н.Календеровтің Алғыс хатымен марапатталған.