Әшім Оразбекұлы 1957 жылы 12 ақпанда Шиелі кентінде дүниеге келген. 1984 жылы Пенза құрылыс инженерлері институтын құрылыс инженері, 1999 жылы Қызылорда мемлекеттік университетін экономист, 2010 жылы Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық Университетін Тау-кен инженері мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1984 жылдың қыркүйек айынан Шиелі Агроөнеркәсіптік кешенінде бас инженер-құрылысшы-технадзор болып бастаған.1986 жылдың сәуір айынан бастап Шиелі аудандық партия комитетінің нұсқаушысы. 1991 жылдан «Облремстрой» тресі ХРСУ мекемесінің бастығы болып қызметін жалғастырды. 1992-1996 жылдары Шиелі ауданы әкімінің орынбасары, 1996 жылдан 2000 жылға дейін «Құрылыс материалдары» Акционерлік қоғамның президенті болып қызмет атқарды. 2001 жылдан 2003 жылға дейін Шиелі кентінің әкімі болса, 2003 жылдан 2006 жылға дейін №6 кен басқармасының құрылыс бөлімін басқарды.2006 жылы «Иіркөл» кенішінің бастығы болып тағайындалып, кеніштің алғашқы қазығын қағудан бастап, оның құрылысына тікелей басшылық жасады. Кеніш жыл сайын өнімін арттырып,  өндірістік қуаттылығына дейін жеткізілді.ІҮ және Ү шақырылған Шиелі аудандық мәслихатының депутаты 2012 жылдың 23 қаңтарынан бастап Шиелі аудандық мәслихат хатшысы.

«ҚазАтомӨнеркәсібі» АҚ-ның «Алғыс хаттары»; Қызылорда облысы және Шиелі ауданының «Құрмет грамоталары» мен «Алғыс хаттары», «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерекелікмедалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл және «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медальдарымен және «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» медалімен марапатталған.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында аудан әкімінің орынбасары ретінде өндіріс орындарының нарықтық қатынастарға көшуіне, облыс бойынша құрылыс материалдарын өндіруге және аймақтағы уран өндірісінің дамуына айрықша еңбек етті.