Асылбек Тоқмағамбетов – Ішкі істер органдарының зейнеткері

Асылбек Паметұлы Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер саласында абыройлы қызмет етіп, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған  ардагер аға.  Облысымыздың ішкі істер органдарында ұзақ жылдар еңбек етіп, аталған сала жұмысының жақсаруына өзіндік үлесін қосқан азамат. Заңдылықты қадағалай отырып, талай шәкірттерді тәрбиеледі. Зейнетке шыққанша өзіне дейінгі аға буынның ісін жалғастыра отырып, елімізде заңдылықтың сақталуын тұрақты қадағалап, Ішкі істер органдарында қалтқысыз қызметі үшін бірнеше рет мемлекеттік наградалармен марапатталды. Ол Ішкі істер органдарында атқарған қызметінде жұмысты ұйымдастыру бағытымен жас мамандарға тәлімгерлік тұрғыдан  үлкен қолдау көрсеткен болатын. Оның тәлімін алған қызметкерлердің ішінде біразы  бүгінде осы салада үлгілі еңбек етуде.

Асылбек Тоқмағамбетов 1956  жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында үздіксіз жұмыс жасап, зейнетке шықса да өзінің азаматтық парызын орындап, қоғамдық шараларға белсенді араласып келеді. Бұл күні Қаратау ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары, Қаратау ауданының Ішкі істер органының полиция бөлімінің бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы. Таскен тұрғын алабында шоғырланған көптеген ұлт өкілдерінің тығыз қарым-қатынаста, бірлікте өмір сүруіне де үлесін қосуда. Тұрғындар арасында да абыройлы азаматымызды "100 жаңа есім" жобасына лайықты деп санаймыз.