Асылбек Паметұлы – саналы ғұмырын құқық қорғау саласына арнаған жан.

Асылбек Тоқмағанбетов – ішкі істер органдарында ұзақ жылдар бойы үздіксіз қызпмет жасап, зейнетке шыққан. Ішкі істер органдарында қалтқысыз қызметі үшін бірнеше рет мемлекеттік наградалармен марапатталған. Қазіргі таңда, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі, Қаратау ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары, Қаратау ауданының ішкі істер органының полиция бөлімінің бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы. Таскен тұрғын алабында шоғырланған көптеген ұлт өкілдерінің тығыз қарым-қатынаста, бірлікте өмір сүруіне де үлесін қосуда. Тұрғындар арасында да абыройлы азамат.