Асылбек Абдурахманұлы 1954 жылы 21 қыркүйекте дүниеге келген.

Ол Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-де ғылыми қызметкер, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі (1982-1998),

Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Шымкент филиалының директоры (1998-2004),

ҚМДБ Бас мүфтиінің бірінші орынбасары, (Алматы) және Ислам институтының ректоры (1992-1995),

ҚМДБ – ның төралқа мүшесі ОҚО-ның Бас имам штатында бас наиб имамы,

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда өлкелері бойынша ҚМДБ-ның Бас мүфтиінің өкілі (2001-2010),

ОҚО Дін істері басқармасы құрамында 2011 жылы 11 қарашасында ашылған «Әлеуметтік бастамалар орталығының» директорының міндетін атқарушы, директор орынбасары (2011-2014), бөлім басшысы, маманы қызметтерін атқарған.

Осы қызметтердің қай – қайсысында да, тыңға тұран салғандай жоқтан бар жасап, ел, ұлт, мемлекет, діни ұстаным бірлігін қамтамасыз етуге аянбай қызмет еткен. Дін тұрақтылығы мен бірлігіне нұқсан келтіру арқылы ұлт, мемлекет бірлігін жоюға бағытталған әрекеттерді залалсыздандыру бойынша ҚМДБ және мемлекеттік мекеме мамандарымен бірлескен комиссияларда көп жұмыстар атқарды. 

Облыс әкімі мәслихат (облыстың) төрағасы, басқарма, мекеме (орталық) басшылары тарапынан марапат (алғыс хат), ҚР президенті қол қойған «ҚР 25 жыл»төсбелгісімен марапатталған.