Асылмұратова Алтынай – «Қазақ ұлттық хореография академиясы» КАҚ Ректоры.

Алтынай Абдуахимовна Асылмуратова, 01.01.1961 ж – балет әртісі және педагог, Мариин театрының прима- балеринасы, ағылшын Корольдік балеті және Марсель балетінің прима-балеринасы; Ресей опера және балет театрының көркемдік балет жетекшісі халық әртісі, Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры, «Астана Опера» мемлекеттік 1978 жылы

А. Я.Ваганова атындағы Ленинград хореография училищесін Инна Зубковскаяның сыныбы бойынша бітірді. С. М. Киров атындағы Ленинград опера және балет театрының (Мариин театры) кордебалетіне  қабылданды. Онда 1999 жылға дейін жұмыс істеді.  

1980 жылдан бастап осы театрдың солисткасы, ал 1987 жылдан – прима балеринасы болды.

Ольга Моисееваның педагог-репетиторы болды. Сонымен қатар, 1989-1993 жылдары Мәскеуде ағылшын Корольдік балетінің (Ковент-Гарден) прима-балеринасы, 1995-1997 жылдары - Марсель ұлттық балетіне прима-балерина ретінде шақырылып, Ролан Петидің репертуарын биледі (Франция). Ла Скала, Гранд-Опера, Америка балет театрларында және т.б. гастрольдерде болды.

1994 жылы Париж Операсына  шақырылды, мұнда Рудольф Нуреевтің «Баядерка және «Лебединое озеро» балеттерінде басты партияларды орындады, біраз уақыт аралығынан кейін осы труппамен өнер көрсеткен орыс балериналарының бірі болды. 1987 жылы театр директоры Михаил Барышников болған Америка балет театрына (АВТ) Наталья Макарова қойған Л.Минкустің «Баядерка» балетінде жетекші партияны орындау үшін шақырылды.  1983 жылы РСФСР еңбек сіңірген әртісі атағына ие болды. EveningStandard» (1995) газетінің айтулы ағылшын театрының сыйлығының, «Балтика» (1998) театр сыйлығының иегері.

1999 жылы Мариин театрында қойылған Ролан Петидің Кармен балетінде Кармен партиясын берілді. 

2001 жылы Ресей Федерациясының Халық әртісі атағын алды. 2013 жылғы 15 қарашада отандық мәдениет пен өнерді дамытудағы зор еңбегі, көп жылдық жұмысы үшін Достық орденімен марапатталды.

2016 жылы - «Парасат» орденінің иегері.

2000 жылы Ваганова атындағы Академияның педагогикалық факультетін бітірді,  2000 жылдан бастап оның бірінші проректоры – көркемдік жетекшісі болды.  Кейіннен профессор атағы берілді.

Марапаттың басқа да түрлері

РСФСР еңбегі сіңген әртісі 1983 ж., «Evening

Standart» ағылшын театрлық газетінің лауреаты 1995 ж., «Балтика» театрлық премиясының

Лауреаты 1998 ж., «Золотой софит» театралық премиясының лауреаты 1999 ж., Ресей Федерациясының Халық әртісі 2001 ж., Достық Ордены – 2013 г.