Асқар Өмірәлиев – мектеп директоры, қоғам белсендісі

Асқар Эргешұлы ауылдың көркеюі үшін ауыз толтырып айтарлық көптеген игі істердің бастаушысы болды. Сондай-ақ, жергілікті мектептің аудандағы үздік білім ордаларының бірі болуы үшін де  техникалық құрал-жабдықпен қамтамасыз етіп, жоғары кфалификациялы ұстаздарды алып, оқушылардың замануи білім алуына жағдай жасап келеді.

Ол 1956 жылдың 9-ақпанында Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген. Қызылсу тұрғын алабының ақсақалдарымен бірлесіп, сол аймақтағы әлеуметтік және коммуналдық маңызды мәселелерді шешу жұмысымен айналысып келеді. Түйіні тарқатылмай жүрген жер-су мәселелі секілді шаруалар шешіліп, халықтың өмір сүріу жағдайының жақсаруына белсенді ат салысып жүр. Сондай-ақ, сол аумақта шоғырланған көптеген ұлт өкілдерінің тығыз қарым-қатынаста, бірлікте өмір сүруіне де үлесін қосып жүр. Асқар Эргешұлы ауыл тұрғындары арасында да абыройлы азамат.

2010 жылдан бері Қаратау ауданы Қызылсу тұрғын алабындағы №114 мектептің директоры қызметін атқарып келеді. Осы жылдар ішінде мектептен бірнеше аудандық, облыстық, республикалық білім додаларында топ жарған оқушылар шықты. Асқар Эргешұлы шәкірттері бүігнде еліміздегі беделді оқу орындарында білім алып, біразы жоғары лауазымдарда қызмет етіп жүр.